МІНСІЗ МЕМЛЕКЕТ

lat: MİNSİZ MEMLEKET

Ежелгі грек ойшылы Платон жасаған мемлекеттік құрылым жобасының атауы. Ол өзінің шығармаларында, әсіресе, «Мемлекет» еңбегінде кемшіліксіз мемлекетті, идеалды мемлекетті іздеген. Платон пікірінше, мінсіз мемлекет ең жақсылардың әділетті басқаруы. Бұл тұрғыдан қарастырғанда ол аристократиялық мемлекеттік құрылымға басымдық береді.